Өңірде өрт қауіпті кезең басталды. Осы ретте облыстық төтенше жағдайлар департаменті орман және дала өрттерінің алдын алу бойынша іс-шаралар жоспарын әзірледі. Аймақта биыл 3 орман өрті орын алып, тілсіз жау 8 гектар аумақты шарпып өтті. Және Мұғалжар ауданында 1 дала өрті тіркеліп, 5 гектар аумақ зақымдалды. Табиғи апаттарды болдырмай мақсатында 15 рейд ұйымдастырылып, 108 елдімекеннің аумағы құрғақ шөптерден тазартылды, азаматтарға өрт қауіздігі тақырыбында ақпараттық шаралар өткізілді. Профилактикалық жұмыстар барысында құқықбұзушылық жасағаны үшін 12 тұрғын жауапқа тартылды. Оларға 390 мың теңге көлемінде айыппұл салынды.