Күн жылынғалы кене шақты - деп медициналық көмекке жүгінгендер көп. Былтыр небәрі төрт адам тіркелсе, биыл отызға жуық адамнан анықталды. Мамандар мұндай өсімді көктемнің ерте келуімен байланыстырады. Жәндіктердің ең белсенді кезеңі сәуір айының басынан мамыр айының соңына дейін, сондай-ақ қыркүйектен қазан айына дейін жалғасады. Сондықтан мамандар кене шаққан жағдайда өзін-өзі емдеумен айналыспай бірден дәрігерге қаралуға кеңес береді.