Аймақтың әртүрлі деңгейдегі оқу орындарында IT саласын дамыту, жастарды көбірек тарту және оларды нақты жобаларға қатыстыру мәселелері бүгін Aqtobe Hub алаңында талқыланды. Кездесу бағдарламалау дағдыларын дамытуға және жастардың өзін-өзі жүзеге асыруына бағытталды. Қатысушыларға өз қызығушылықтарын қалай дамытуға болатыны туралы нақты мысал келтірілді. Солардың бірі – хакатон байқауы. Онда бизнес, қалалық инфрақұрылым, білім беру немесе денсаулық сақтау салаларындағы мәселелерді шешу ұсынылады. Сондай-ақ, технологиялық арнайы білім беру және инкубациялық бағдарламалар таныстырылды. Онда жастар өз идеяларын ұсынып, оларды дайын өнімге айналдыра алады.