Жастарға кеңес. Заң және тәртіп қағидатын насихаттаған кездесу бұл жолы Білім мектебінің оқушылары үшін ұйымдастырылды. Буллинг, сталкинг, лудомания және интернет алаяқтық мәселелері кеңінен қозғалып, сақтану жолдары айтылды. Полиция департаментінің өкілі мысалдар келтіре отырып, сондай-ақ мұндай әрекеттерге қатысудың тәуекелдері, құқықтық салдары және жауапкершілік шаралары туралы еске салды. Оқушыларға қауіптерді тану және интернетте қауіпсіз әрекет ету бойынша тәжіриелік ұсыныстар берілді.