Ахмет Жұбанов аллеясы көктерек көшеттерімен толықты, "Туған қалаңа ағаш сыйла" акциясына жастар аға буын өкілдерімен бірлесіп үлес қосты. Ұрпақтар сабақтастығын жалғастыру мақсатында "Жасыл ел" жасағының сарбаздары мен белсенді ұзақ өмір сүру орталығының зейнеткерлері аллеяны тал-теректің алуан түріне толтырды.