Ұлттық кітап күні және Кітапханашылар мерекесіне орай «Артық ғылым кітапта…» апталығы шымылдығын түрді. Шара республика көлемінде 16–23 сәуір аралығында өтеді. Кітап апталығы аясында Сақтаған Бәйішев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында «Ұлт қазынасы – кітап» атты көрме-жәрмеңкесі ұйымдастырылды.