"Теміржолда өзіңді сақта!". Осындай атаумен өңірде профлиактикалық шара өтіп жатыр. Бүгін полицейлер оқушыларға теміржолдан өту тәртібін түсіндірді. Бұл теміржолға жақын орналасқан №42 мектептің шәкірттері. Алдын алу шаралары нәтижелі. Жыл басынан бері өңірде теміржолдағы жазатайым оқиға тіркелмеді. Теміржолды рұқсат етілмеген жерден кесіп өті өміріңізге қауіпті. Бұған қоса тәртіп бұзғандарға айыппұл да қаралған.