Мемлекеттік қызметке жаңадан қадам басқан мамандар үшін мотивациялық кездесу өтті. Мемлекеттік басқару академиясында ұйымдастырылыған шараға елімізге танымал кәсәпкерлер, қоғам қайраткерлері Сырымбек Тау мен Мақсат Кикимов арнайы шақырылған. Спикерлер өздерінің еңбек жолы, жетістікке жетудегі қиындықтары мен өмірлік тәжірибесі туралы кеңінен әңгімеледі. Олар қандай салада болмасын табысқа жетудің басты кілті – еңбекқорлық, жауапкершілік және үздіксіз даму екенін атап өтті. Жас мамандар өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, ашық пікір алмасты. Әсіресе, мансап жолын дұрыс жоспарлау, көшбасшылық қабілетті дамыту және уақытты тиімді пайдалану тақырыптары қатысушылардың қызығушылығын тудырды.