Бүгінде "Жасыл ел" жасағы жалпақ жұртқа таныстыруды қажет етпейді. "Таза Қазақстан" акциясына елеулі үлес қосып, өңірге пайдасын тигізген жастарға ай сайын 150 - 200 мың теңге көлемінде жалақы қарастырылған. Жасақ жастары ай сайын жалақы алса, күн сайын алғыс алады. Мәселен, бүгін олар Қарттар үйінің ауласын абаттандырып, үлкендердің ризашылығына бөленді.