Инсульттің алдын алуда жоғары нәтиже көрсеткені үшін Ақтөбе облысы жоғары марапатқа ие болды. Өңірде инсульттің алдын алу және алғашқы белгілерін тануға бағытталған "Fast суперқаһармандары" халықаралық білім беру жобасы жүзеге асырылуда. Жоба Қазақстан Республикасында инсульт қызметін жетілдіру жөніндегі 2024–2026 жылдарға арналған Жол картасы аясында қолға алынды.