Өткен сенбіде қалада "Мәдени мұраны бірге сақтайық" республикалық акциясы аясында Ә.Молдағұловаға арналған мемориалдық кешен айналасына тазалау жұмыстары жүргізілді. Акцияға қатысушылар белгіленген аумақты қоқыстан тазартып қана қоймай, тұрғындарды да тазалыққа шақырды. Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай шаралар алдағы уақытта да жалғасын табады. Екі айлық басталғалы бес мыңнан астам ерікті тазалық жұмыстарына қатысты.