Талапкерлерді еліміздің жетекші жоғары оқу орындарының, сондай-ақ шетелдік университеттердің филиалдарының білім беру мүмкіндіктерімен таныстыру мақсатында Қазақстанда ең ірі білім беру бастамасы — “Study in Kazakhstan” жоғары білім көрмесі өтуде. Кәсіби бағдар беру жұмыстары ірі қалаларда мектеп оқушылары мен олардың ата-аналары үшін ұйымдастырылуда. Керуеннің кезекті кезеңі Ақтөбеде өтіп, мұнда талапкерлер білім беру бағдарламалары, оқуға түсу шарттары мен оқу ерекшеліктері туралы толық ақпарат алды.