Қала халқы демалыс күндері экологиялық акция асындағы іс-шараларға белсене қатысты. Алматы ауданына қарасты Есет батыр тұрғын алабында тал егу жұмыстары қарқынды болды. Аумаққа үйеңкі, терек ағаштарын егіп, жасыл желектің ауқымын кеңейтті. Көктемгі көшет егу дәстүрінен қала әкімдігі мен мәслихат депутаттары да қалыс қалмады.