Кітап оқуды насихаттау және балаларды түрлі гаджеттерден алыстату мақсатында Сағи Жиенбаев атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасында оқушыларға тәрбиелік мәні бар қойылым көрсетілді. Көріністе әзіл мен жарқын көріністер арқылы телефонды шамадан тыс пайдаланудың зияны көрнекі түрде түсіндірілді. Іс-шара Ұлттық кітап күні аясында ұйымдастырылды