Күн жылынса аймақта демалушылар мен туристер саяхаттайтын ерекше бір орын бар. Ол - «Қасқыр» сарқырамасы. Бір қызығы жыл өткен сайын туристік орынның танымалдылығы артып келеді. Тұмса табиғатымен, әсем көрінісімен баурайтын орынға тіпті шетелдіктердің де қызығушылығы зор. Қазіргі уақытта инфрақұрылым тарту мәселесі жолға қойылған.