Сонымен қатар, бүгін қала кітапханаларында "Кітапхана түні" өтеді. Күндіз рухани азық жинауға қолыңыз тимей жүрсе, дәл бүгін кітапханалар есігі беймезгіл уақытта да ашық болады. Дегенмен, арнайы ереже де бар. Ережемен және түнде өтетін шаралар ретімен кітапхана маманы таныстырды.