Өңірдегі 12 ауданның енді өз телестудиясы бар. Мектеп қабырғасында жасақталған медиа орталықтарда оқушылар журналистиканың қыр-сырын меңгеріп жүр. Бұл бастама жеткіншектердің шығармашылық қабілетін дамытып, салаға қызығушылығын одан әрі арттыра түсті. Бүгін "Қазақстан" ұлттық телеарнасының бастамасымен біздің арнамыздың тәжірибелі мамандары болашақ журналистерге шеберлік сабағын өткізді.