Екі айлық акция сенбідегі жұртқа айтарлықтай серпіліс берді. Таза Қазақстан деп ұрандатқандар демалыс күні қаланы да, даланы да тазалап, экологиялық шараның көркін қыздырды. Бір қуантарлығы акцияға тұрғындар көрші-қолаң болып кірісті. Алтын орда шағын ауданындағы жұртшылық та бұл күні ауызбіршіліктерін көрсетіп, айналаны күл-қоқыстан арылтты. Үй маңын тазалауға үлкен-кішісі бір кісідей ат салысты.