Шалқар ауданында аудан әкімінің қатысуымен бірқатар аумақта тал егу акциясы өтті. Экологиялық шараларға аудан әкімінен бастап, мекеме қызметкерлері, білім саласының мамандары мен оқушылар қатысты. Жанболат Жидеханов жас буынға үлгі өнеге көрсетіп, сенбілікшілерді қоршаған ортаны аялауға, таза, ұқыпты ұстауға шақырды.