№20 мектеп-лицейде директордының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарларына арналған семинар өтті. Қатысушыларға «Адал азамат» бірыңғай білім беру бағдарламасын жүзеге асырудың жүйелі тәсілдері ұсынылды. Семинар барысында мектеп психологы мен ұстаздар қауымы білім беру ісіндегі өзекті тақырыптар бойынша тәжірибе алмасты. Практикалық бөлімде «Жас құтқарушылар», «Жас жол инспекторлары», «Әкелер мектебі» жобаларының презентациялары таныстырылып, білім алушылардың мінез-құлқын бақылауға бағытталған заманауи әдістер мен тәжірибелер көрсетілді.