Мәртөк ауданында өнер ордасы пайдалануға берілді. Жаңадан бой көтерген нысанға Қамбар Медетов атындағы өнер мектебінің оқушылары көшірілді. Талантты өрендер бүгінгі күнге дейін 1942 жылы іргетасы қаланған көне ғимаратта қосымша білім алып келген еді.