Шаһарда ойын алаңдары жетерлік. Бірақ, оларды күтіп ұстау мәселесі өзекті. Ойнауға, жаттығуға арналған орындарды ұқыпсыз пайдаланудан бүлдіретіндер, кейде қасақана зақымдайтындар да бар. Сондықтан бүгін құрылыс - техникалық колледжінің дәнекерлеуші мамандығында оқитын студенттер туған өңірлеріне жанашырлық танытып, алаңдарда өз еркімен жөндеу жасады.