Абай облысында аймағымыздың мәдениет күндері өтті. Айтулы шараға облыс әкімі бастаған арнайы делегация барды. Ұлылар туған өлкедегі тарихи-мәдени құнды жәдігерлермен танысып, баба рухына тағзым етті. Асхат Шахаров «Абайға құрмет» акциясы аясында Ақтөбе облысының Семейге тартуы ретінде жаңа спорттық ғимарат бой көтеретінін баса айтып, нысан жобасымен таныстырды. Сондай-ақ, өңір өнерпаздары Абай облысының тұрғындарына арнап мәдени шара ұйымдастырды.