15 сәуірден бастап мобильді аударымдарға қатысты бақылау күшейтіледі. Енді салық органдары азаматтардың жыл басынан бері жасаған барлық ақша аударымдары туралы мәліметтерді талдай бастайды.Жаңа талапқа сәйкес, екінші деңгейлі банктер азаматтардың мобильді аударымдары жөніндегі ақпаратты Мемлекеттік кірістер комитетіне ұсынуға міндетті. Бұл шара көлеңкелі кәсіпкерліктің алдын алу, салықтан жалтару фактілерін азайту және заңсыз табыс айналымын анықтау мақсатында енгізіліп отыр.