Еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері облыс әкімі Асхат Шахаровтың төрағалығымен өткен жиында талқыланды. Салаға жауапты мамандар еңбек жағдайларын бақылаудың заманауи тәсілдері мен цифрлық құралдары енгізіліп жатқанын алға тартты. Нәтижесінде өңірде өндірістік жарақаттанудың алдын алу бойынша жүйелі жұмыстар жүргізілуде. Ал еңбек дауларына қатысты соңғы үш айдың ішінде мыңға жуық арыз-шағым түскен.

Бұл көрсеткіш былтырмен салыстырғанда 36% пайызға жоғары. Сонымен қатар, талқылау барысында қызметкерлердің еңбек құқықтарын қорғау, оның ішінде жалақыны уақытылы төлеу және әлеуметтік кепілдіктерді сақтау мәселелері көтерілді. Аймақ басшысы қауіпсіздік техникасы талаптарының бұзылуын болдырмау және кәсіпорындардағы алдын алу жұмыстарының тиімділігін арттыру шараларын әлі де күшейтуді тапсырды.