Шаһарды көркейтуге бағытталған "Менің Ақтөбем" атты байқау жүріп жатыр. Бастама аясында тұрғындар мен ұйымдар өз аулаларын абаттандырып, көгалдандыру арқылы бақ сынай алады. Байқаудың басты мақсаты - қаланың ажарын арттырып, тазалық пен тәртіп мәдениетін қалыптастыру.