Қытайдың ірі өнеркәсіптік компаниясы Ақтөбе облысында хромды терең өңдеу зауытын салуға мүдделі. Өңірге келіссөздер жүргізу үшін шетелдік компания өкілдері арнайы келді келді. Жоба сәтті жүзеге асса жылына 200 мың тоннаға дейін өнім өндіру, 600-ден астам жаңа жұмыс орнын ашу жоспарланып отыр. Заманауи химиялық кешен құрылысына қомақты инвестиция құйылмақ.