№8 орта мектепте "Заң және тәртіп" идеологиясына арналған челлендж өтті. Іс-шара оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттыруға және олардың заңнаманы сақтауға жауапкершілікпен қарауын қалыптастыруға бағытталды. Челлендж аясында балалар құқық қорғау органдарының өкілдерімен жүздесіп, кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу жайында дәріс тыңдады.