Кеше кешкісін ашық аспан астында Облыстық жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен және С.Жиенбаев атындағы облыстық жасөспірімдер кітапхана ұжымының қолдауымен кітап фестивалі өтті. Рухани шара - Ұлттық кітап күніне орай ұйымдастырылды. Кітапсүйер қауым бір алаңда тоғысты. Оқырмандар аймағы, кітап жәрмеңкесі және буккроссинг бұрышы келушілердің қызығушылығын арттырды. Әркім өзімен бірге әкелген кітабын ұсынып, көпшілік алдында поэзия оқуға мүмкіндік алды.