Аймақта 300-ден астам адам ағзаға мұқтаж. Науқастардың басым бөлігі бүйрекке зәру. Былтыр өңірде кезегін күтіп жүрген 35 адам көз жұмды. Саладағы өзекті мәселелер Транспланттауды және жоғары технологиялық медициналық қызметті үйлестіру жөніндегі республикалық орталық мамандарының қатысуымен өткен көшпелі жиында талқыланды. Дәрігерлердің айтуынша, негізгі проблема – донор тапшылығы. Туыстарының келісім бермеуі-мәйіттік трансплантацияның дамуын тежеп отыр. Айта кетейік, e-gov порталында қайтыс болғаннан кейінгі ағза донорлығына келісім беру жүйесі енгізілді. Дегенмен, тұрғындардың белсенділігі төмен. Өткен жылы облыста 352 адам ағзасын донорлыққа беруге келісім білдірсе, 4 тұрғын ресми түрде бас тартқан.