Ал балабақшаларда ерекше жоба қолға алынды. «Сырлы әлемге саяхат» деп аталатын жаңа бастама балабақша бөбектеріне арналған. Енді ұйықтар алдында бүлдіршіндерге тәрбиешілермен қатар, олардың ата-әжелері де ертегі оқып береді. Балалардың кітапқа қызығушылығын арттыруды мақсат еткен жоба аймақтағы барлық мектепке дейінгі ұйымдарда жүзеге аспақ.