«Жаңа Конституция – Жаңа Қазақстан: Ата Заңды кім жақсы біледі?». Құдайберген Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті еліміздің басты құжатының бағыттарын студенттерге quiz ойыны арқылы түсіндірді. Іс-шараға жоғары оқу орнының студенттері қатысып, өзара бақ сынасты. Бұл креативті тәсіл жастардың құқықтық сауатын ашып, жаңа конституция мазмұнын терең түсіндіруге бағытталған. Бірнеше кезеңнен тұратын зияткерлік сайыста қатысушы топтар құжаттың құрылымы мен маңызы туралы сұрақтарға жауап беріп, өзгерістерге ерекше назар аударды. Конституцияны білу – әр азаматтың міндеті. Ал осындай интерактивті шаралар жастарды құқықтық мәдениетке баулудың тиімді тәсілдерінің бірі- дейді ұйымдастырушылар.