23-30 сәуір аралығында қалада қазақ кәсіби музыка өнерінің негізін қалаушы Ахмет Жұбановтың 120 жылдығына арналған ауқымды музыка апталығы өтеді. Ертең Өнер орталығында «Жұбановтар көктемі – 2026» халықаралық хор музыкасы фестивалі салтанатты түрде ашылып, сағат 17:00-де облыстық халық шығармашылығы орталығында концерттік бағдарлама ұйымдастырылады. Аталған кеште Жамбыл атындағы Мемлекеттік филармонияның солистерінен құралған ұжымның «Сарыжайлау» концерті көрермен назарына ұсынылады. Ал, кешкі сағат 18:00-де Өнер орталығында камералық хор концерті өтеді. Жексенбі, 26 сәуірде мәдени-шығармашылық іс-шаралар, шеберлік сабақтары, марапаттау рәсімі өтеді. 27 және 28 сәуірде байқаулар мен ғылыми конференция ұйымдастырылады.