Сенат депутаты Геннадий Шиповский түстен кейін Ақтөбе қаласының дарынды жастарымен кездесті. Ақтөбе Хаб алаңында өткен «Цифрлық шешімдер – тиімді басқару құралы» атты жиында сенаторға инновациялық IT жобалар таныстырылды. Кездесуде ерекше назар аудартқан бағдарламалардың бірі – «Байсалл» порталы. Ақтөбелік айти маманның қолынан шыққан жоба спорт саласында тиімділігін дәлелдеп, кең қолданысқа ие болып отыр. Геннадий Шиповский жастардың бастамаларына жоғары баға беріп, цифрландыру саласын дамыту елдің бәсекеге қабілеттілігін арттырудағы маңызды бағыттардың бірі екенін атап өтті.