Ұлттық кітап күніне орай елімізде "Мен оқыған 10 кітап" республикалық акциясы бастау алды. Бастаманың негізгі мақсаты - қоғамда кітап оқу мәдениетін қалыптастырып, әр азаматты жылына кемінде он кітап оқуға ынталандыру. Рухани азық - болашағыңа құйған инвестиция деген - облыстық мәслихат депутаты, ақын Бижан Қалмағанбетов өзінің оқыған он кітабын мысал ете отырып, оқырманға кітаппен етене жақын болуға кеңес береді.