9 мамыр – Ұлы Жеңіс күні қарсаңында Әл-Фараби атындағы №21 мамандандырылған гимназияда «Ерлік сабағы» өтті. Шара оқушыларға патриоттық тәрбие беру, сұм соғыста от пен оқтың ортасында болған қазақстандық жауынгерлердің ерлігін насихаттау, тарихи жадыны жаңғыртуды мақсат етті. «Ерлік сабағы» барысында оқушылар соғыс жылдарындағы тарихи деректермен танысып, отан үшін кеудесін оққа тосқан батырлар туралы кеңінен мағлұмат алды.