Аймақта Еуропалық иммундау апталығы өтуде. Оның аясында ақ халаттылар пациенттерді емханаларға шақырып, жұқпалы ауруларға қарсы егілу жұмыстарын қолға алды. Вакциннациялау арқылы азаматтар көкжөтел, сіреспе, қызылша сияқты 21 жұқпалы инфекциядан қорғана алады. Ал екпе салынғаннан кейін пациенттер 30 минут бойы емхана қызметкерлерінің бақылауында болады. Осылайша, қажет болған жағдайда жедел көмек те көрсетіледі.