Шалқарда Кеңес Одағының батыры Ідіріс Үргенішбаевты еске алуға арналған республикалық турнир өтіп жатыр. Спорт додасына 2012–2013 жылы туған жасөспірімдер қатысуда. Атырау, Батыс Қазақстан, Жамбыл, Қостанай, Маңғыстау, Түркістан облыстарынан келген үміткерлермен қатар өңірлік жас спортшылар да бағын сынауда. Жас спортшылардың шеберлігін шыңдап қана қоймай, өскелең ұрпаққа батыр бабаларымыздың ерлігін насихаттаған тағылымды шарада өз шеберлігімен көзге түскен жас боксшылар көп.