Облысы әкімдігінде өңір активінің кеңейтілген отырысы өтті. Аймақ басшысы Асхат Шахаров төрағалық еткен отырысқа Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы Дархан Жазықбай қатысты. Жиында мемлекеттік қызметшілерді кәсібилендіру және кадрлық әлеуетті дамыту мәселелері талқыланды. Сондай-ақ, мемлекеттік қызмет ардагерлері мен өз ісінде үздік нәтижеге жеткен қызметшілер марапатталды.