Кеңес Одағының батыры Әлия Молдағұлова атындағы облыстық мемориалды музейінде қорды толықтыруға бағытталған "Есткелік" акциясы қорытындыланды. Бүгінде мұндағы жәдігер саны 11 жарым мыңнан асқан. Оған басты себеп нақ осы шараның жыл сайын дәстүрлі түрде ұйымдастырылуы. Сондықтан бұл жолы да экспонат тапсырушылар арнайы Алғыс хатпен марапатталды. Айта кетейік, игі бастамаға мерген арудың сіңлісі Тәжен Жанабергенова зор үлес қосқан.