Ұлттық кітап күні аясында №56 орта мектепте жас дарындарға арналған оқу сағаты өтті. Білім ордасындағы «Жас ақындар» үйірмесінің белсенді мүшелері жыр туындыларын көпшілік назарына ұсынды. Шара шығармашыл жастардың қарым қабілеттерін көрсетуге, өзара кітап алмасып, әдеби сабақтастық орнатуға бағытталған. Сабақ барысында жас ұрпақтың әдебиетке, поэзияға деген қызығушылығын арттыру, жас авторларды қолдаудың маңыздылығы айтылды.