Облыс әкімі жұмыс сапарымен Мәртөк ауданына барды. Асхат Шахаров білім беру нысандары мен ауыл инфрақұрылымын дамыту мәселелеріне баса назар аударды. Атап айтсақ, Сарыжар ауылындағы жаңа мектептің жұмысымен танысып, Кеңсахара елдімекеніндегі білім ұясының құрылысын көрді. Сондай-ақ, Жайсаң ауылындағы арнайы білім беру ұйымы мен көпсалалы колледждің ұжымымымен кездесті.