"Ауыл" партиясының филиалы Қазақстандық зағиптар қоғамымен бірлесіп, Мүмкіндігі шектеулі жандар арасында Тоғызқұмалақ ұлттық үстел ойыны бойынша жарыс ұйымдастырды. Турнирге 20 адам қатысып, өздерінің зияткерлік қабілеттері мен жеңіске деген ерік-жігерін көрсетті. Ерекше қажеттіліктері бар адамдарды әлеуметтік бейімдеуге және қолдауға бағытталған бұл іс-шара өңірде екінші рет өткізілуде. Өткен жылы қызығушылық пен қатысуға ниет білдірушілердің көптігі жарысты тағы ұйымдастыруға түрткі болды. Енді бұл турнирді жыл сайынғы дәстүрге айналдыру жоспарда.