Кең даланың еркесі киіктердің саны нақтыланды. Жыл сайын бұл санақ "Құралайдың салқыны" яғни көктемде киіктердің төлдеу кезеңінің алдында жүргізіледі. Әуедегі есепті орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің облыстық аумақтық инспекциясы және Қазақстандағы биоалуантүрлілікті сақтау қауымдастығының ғылыми мамандары өткізді.

Мамандар сәуірдің 7-17 аралығында облыс аумағындағы Үстірт және Бетпақдала таралымдарын көктен бақылап, аймақта қанша ақбөкен барын білді.