Музыка зерттеу ғылымының негізін салушы, әйгілі композитор Ахмет Жұбановтың туғанына 120 жыл толуына орай "Өнер" орталығында ауқымды шығармашылық кеш өтті. Мәдени шараның шымылдығын елордадан келген, Еркеғали Рахмадиев атындағы мемлекеттік академиялық филармония өнерпаздары түрді. Астаналық ансамбль Ахмет Жұбановтың және оның шәкірттерінің жауһар шығармаларын орындады.