Құдайберген Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті қабырғасында математика пәнінен студенттер арасында XVIII республикалық олимпиада өтіп жатыр. Екі күнге жоспарланған білім бәйгесіне еліміздің іргелі жоғары оқу орындарынан 60-қа тарта жас қатысуда. Жеңімпаздарға бағалы сыйлықтармен қоса, магистратураға мемлекеттік грант негізінде түсу мүмкіндігі қарастырылған.