Тұрғын үй мәселесі облыс орталығында ғана емес, шалғай елді мекендерде де өзекті. Бұл бағытқа өңірде ерекше көңіл бөлінуде. Мәселен, Мұғалжар ауданында өткен жылдан бері екі бірдей төрт қабатты, 48 пәтерлі тұрғын үйдің құрылысы жүргізіліп жатыр. Нысандар Қандыағаш қаласындағы "Жаңақоныс" тұрғын алабында бой көтеруде. Құрылыс қолданысқа берілсе, пәтерлер жергілікті атқарушы органның кезегінде тұрған азаматтарға табысталады.