Мешін жылы Бабатайда туғалы... Осындай атаумен облыстық халық шығармашылық үйінде ақын, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты, Қазақстанның Құрметті жазушысы Ертай Ашықбаевтың 70 жасқа толуына арналған әдеби-музыкалық кеші өтті. Рухани шара талант иесінің саналы ғұмыры мен шығармашылығына арналды. Көрермен алдында композициялық қойылымдар қойылып, ақын туралы деректі фильм де көрсетілді.