Ақтөбеде ғасырға жуық өнерімен көрерменді қуантып келе жатқан, әлемге әйгілі қазақстандық музыкалық ансамбльдердің бірі - Бақытжан Байқадамов атындағы мемлекеттік хор капелласының концерті өтті. Ансамбль 1935 жылы Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық филармониясында құрылып, қазақтың көрнекті композиторының есімімен аталды. Өзінің бай тарихы мен ауқымды репертуары бар бұл бірегей ансамбль бүгінде орталық Азияға танымал. Ұжым өнерпаздары бұл жолғы концертте классикалық шығармалар мен халық әндерін орындап, ансамбльдің жоғары кәсіби деңгейін паш етті.