Кәсіби қазақ музыкасының негізін қалаушы, көрнекті дирижер, академик Ахмет Жұбановтың 120 жылдығы және Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген өнер қайраткері, домбырашы Хабидолла Тастановтың 100 жылдығына орай республикалық күйшілер байқауы басталды. Өнер додасында еліміздің түкпір-түкпірінен келген музыкалық колледж білім алушылары бақ сынауда.